Есіл өзенінің жағалауында мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астанадағы Есіл өзенінің жағалауында мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Мерекеге орай елордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын алып өткен салтанатты шеру ұйымдастырылды. Шеру Кенесары көшесінен басталып, Мәмбетов көшесі бойымен жүріп, М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының алдындағы алаңда аяқталды.
Шеруден кейін Есіл өзенінің жағалауында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының №5573 әскери бөлімінің оркестрі қатысқан мерекелік концерт өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Сарыарқа ауданының әкімдігі. Мұндай акцияларды ұдайы өткізу жоспарланып отыр.
«Аудан әкімдігі Ұлттық ұланмен бірлесе отырып, Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шеру мен концерт форматындағы іс-шараны өткізуде. Бұл мереке – патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің және Тәуелсіздігіміздің символдарына деген құрметтің бейнесі», — деді Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілі Дамир Хисматуллин.