Ел тынысы

«Жанымызда батырлар – еңбек адамдары» сурет байқауы басталды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің республикалық оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығы және «Kazakhmys» корпорациясы «Жанымызда батырлар – еңбек адамдары» балаларға арналған сурет байқауының басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Байқауға еліміздің барлық мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатыса алады.

Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың еңбекке және жұмысшы мамандығындағы адамдарға деген құрметін қалыптастыру, сондай-ақ қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашу. Әсіресе, бала туындысында өндірістік мамандықтарға ерекше назар аударылуы тиіс.

Қатысу шарттары қарапайым:
жұмысшы мамандығының кейіпкерін салу
суреттерді Instagram-ға #ЖанымыздаБатырлар және #ЖұмысшыМамандықтарыЖылы хэштегтерімен жариялау
@kazakhmys.news және @rumcdo_official аккаунттарын белгілеу
өтінішті konkurs_parlament@mail.ru поштасына жіберу

Әр орынға бағалы сыйлықтар қарастырылған, ал үздік 10 жұмыс қала көшелерінде билбордтарға ілінеді.

Қорытынды 19 маусымда www.ziyatker.org сайтында жарияланады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button