Ел тынысы

Инвестициялық ахуалды жақсартады

Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы халықаралық келісімді ратификациялады.

Отырыс барысында қаралған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң екі ел арасындағы инвестицияларды өзара қорғауға бағытталған. Талқылау кезінде атап өтілгендей, Қыр­ғызстанмен стратегиялық әріптестік Орталық Азиядағы өңірлік интеграцияны одан әрі дамыту перспективаларына жол ашады. Сондай-ақ мұндай қадам халықтарымыздың арасындағы байланыстардың өсуіне және нығаюына ықпал етеді.

«Қаралған келісім екі ел арасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатымен әзірленген. Құжат бір мемлекеттің инвесторларының екінші мемлекеттің аумағындағы инвестициялары үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді. Жалпы, бұл заң бауырлас елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға оң септігін тигізеді деп сенеміз» деді Мәулен Әшімбаев.

Заң екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтас­тықты нығайту бойынша қолайлы режим жасау тәртібі мен шарттарын айқындайды. Атап айтқанда, бір Тараптың екінші Тараптың аумағындағы инвестицияларын жүзеге асыру, сондай-ақ екі мемлекеттің аумақтарындағы инвестиция­лық қызметке байланысты мәселелер реттеледі. Келісім нормаларына сәйкес кез келген Тараптың инвесторлары жүзеге асырған инвестициялар әділ және тең құқылы режимді, сондай-ақ екінші Тарап мемлекеті аумағында толық қорғалуды және қауіпсіздікті пайдаланады.

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button