Әлеуметтік маңызы бар тауар бағасына мемлекеттік бақылаудың тиімділігі артып келеді

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-4-бабының талаптарын іске асыру шеңберінде (ӘМАТ-қа 15%-дан астам сауда үстемесінің мөлшерін асырғаны үшін) 1419 қаулы шығарылды, оның ішінде 18,2 млн теңге сомасына 239 айыппұл салынып, 1180 ескерту жасалды.
Картоп – әлеуметтік маңызы бар тауарлардың маңызды позициясы. Картопқа сауда үстемесін асырғаны үшін 505 қаулы шығарылды, оның 41—іне айыппұл салынды. Айыппұл сомасы 2,6 млн теңгеден асады. Ал 464-іне ескерту жасалды.
Бұдан басқа, делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметі шеңберінде ӘМАТ тауарларын жеткізу тізбектері бойынша жыл басынан бері 303 отырыс өтті. Оның қорытындысы бойынша өнімсіз делдалдардың қатысуының 1164 жағдайы және сауда үстемелерінің асып кету фактілері анықталды. Осы жұмыстың нәтижесінде 1079 әкімшілік қаулы шығарылды, ал 85 өнімсіз делдал жеткізу тізбегінен шығарылды. Министрлік сауда саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылау іс-шаралар кешенін іске асыруды жалғастыра береді.