Қоғам
Елордалық оқушылар физикадан Азия олимпиадасында топ жарды

2025 жылғы 4-12 мамыр аралығында Сауд Арабиясының Дахран қаласында өткен 25-ші Азия физика олимпиадасында (APhO-2025) Астана қаласының жас физиктері ерекше нәтижеге қол жеткізді. Қазақстан құрамасының барлық сегіз мүшесі жүлделі орынға ие болып, төрт күміс және төрт қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Астана қаласының атынан қатысқан оқушылар төмендегідей жетістіктерге жетті:
Күміс медаль иегерлері:
- Әмірбек Азатбеков – Астана қаласындағы ФМБ НЗМ;
- Нұргүл Егенбергенова – NurOrda мектеп-лицейі;
- Әмір Пішенбаев – Spectrum International School;
- Артур Ким – Spectrum International School.
Қола медаль иегерлері:
- Ілияс Қазымбек – Республикалық физика-математика мектебі;
- Даниэль Төлеубаев – NurOrda мектеп-лицейі.
Сонымен қатар, NurOrda мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова олимпиаданың «Best Female» арнайы сыйлығына ие болып, ең үздік қатысушы атанды.
Жас дарындарды жарысқа дайындаған команда жетекшілері – Нұрдәулет Қаласов пен Андрей Сидоренко.