Қоғам

Астанада Virtus Tennis спортынан әлем чемпионаты аяқталды

Елорданың теннис орталығында – Астана әкімдігінің «Дәулет» спорт кешенінде Virtus теннисінкн әлем чемпионатының финалдық кездесулері мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл Қазақстан мен Азияда өткен Virtus теннисінен тұңғыш әлем чемпионаты болды. Чемпионат ақыл-ойы бұзылған спортшыларға арналған негізгі халықаралық жарыстардың бірі болып саналады.

Жарыс 5-10 мамыр аралығында өтті. Жарысқа Бельгия, Аустралия, Польша, Италия, Ұлыбритания, Үндістан және Франция елдерінен 50-ден астам спортшы келді. Қазақстан атынан Астана, Алматы және Ақкөл қалаларынан 7 спортшы қатысты.

Қатысушылар үш номинация (жеке, жұптық, командалық) бойынша бақ сынады:
II1 – дамуы жеңіл тежелген спортшылар;
II2 – Даун синдромы бар спортшылар;
II3 – аутизм спектрі бұзылған спортшылар.

«Бұл чемпионат АСБ (аутизм спектрінің бұзылуы) бар балаларды тәрбиелеп отырған көптеген отбасыларға үміт берді. Бұл біздің 2022 жылы ақыл-ойы бұзылған адамдарға арналған Спорт федерациясын құрудағы басты мақсатымыз болды. Қазақстанда қазірдің өзінде тірек-қозғалыс аппараты бұзылған спортшыларға, сондай-ақ есту қабілеті нашар адамдарға арналған пара және сурдо спорт түрлері бар. Бұл жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар оң бағасын берді», – деп атап өтті Зияткерлік мүгедектер спорты федерациясының президенті Дина Темірғалиева.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button