Қоғам

Аспаздықтан шеберлік сабағы өтті

Астанада отбасылық құндылықтарды нығайту және гендерлік өзара іс-қимылдың оң үлгілерін қолдау мақсатында Аналар күнінде жас отбасылар үшін аспаздық шеберлік сабағы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған шеберлік сабағына жас жұбайлар қатысты.

«Даму Қазақстан қоғамдастығы» атқарушы директоры Анара Битебаева бұл шараның «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында өтіп жатқанын ерекше атап өтті.

«Біз аспаздық бойынша шеберлік сабағын өткізіп жатырмыз. Оған 20 жас отбасы қатысты. Біздің басты мақсатымыз – отбасылық қарым-қатынасты нығайту. Олар бұл жерде жай ғана тамақ дайындап қоймайды. Бұл дәмді тағам ғана емес, жақындық, көңіл бөлу және кішкентай нәрселерге қуану», – деді ол.

Қатысушыларға кәсіби аспаз шеберлік сабағын өткізді. Олар тек тамақ әзірлеп қана қоймай, тәжірибе алмасып, бірлескен іс-шаралар арқылы жайлы, отбасылық береке қалыптастыруды үйренді. Бұл әдіс жас отбасыларға практикалық дағдыларды меңгеріп қана қоймай, олардың эмоционалдық байланысын нығайтуға көмектеседі.

«Жас отбасыларды қолдау Астана әкімдігі жүргізіп отырған мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып саналады. Осындай іс-шаралар арқылы біз сыйластық, өзара көмек және отбасылық өмірге бірдей араласу мәдениетін қалыптастырамыз», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Іс-шара жылы және достық атмосферада өтті. Әр жұп аспаздың жетекшілігімен ет асып, асшаяннан кәуап әзірледі. Ең бастысы, бұл іске ерлі-зайыптылар атсалысып, қамқорлық танытып, бірге ас әзірледі.
Аспаздық шеберлік сабағы қоғамның ең маңызды институты ретіндегі отбасының рөлін нығайтуға және ашық қарым-қатынасқа, пікір алмасуға арналған алаңға айналды.

«Кейбір ерлі-зайыптылар ұзақ уақыт бойы осындай тыныш күйде бірге уақыт өткізбегенін атап өтті. Біз көбінесе қарым-қатынас үлкен әрекеттер арқылы нығаяды деп ойлаймыз, бірақ шын мәнінде бұл қарапайым нәрселер арқылы. Бүгінгідей – бірге тамақ пісіру арқылы. Бұл қызықты болды және ұзақ уақыт есте қалады. Кейде жақынырақ болу үшін қасыңда болғаны жеткілікті», – дейді Анар Битебаева.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button