Қоғам

Деректі драманың премьерасы өтеді

Даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай Астана қаласының Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры «Ар адамы. Бауыржан» деректі драмасын ұсынады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Ар адамы. Бауыржан» деректі драмасы – адамзат тарихындағы ең ауыр Екінші дүниежүзі соғысы жылдарындағы қасірет пен ерліктің, ар-намыстың және отансүйгіштіктің көркем шежіресі. Туындыда Бауыржан Момышұлының қайраткерлік тұлғасы, жауынгерлік рухы, әділет пен адамгершілікке деген биік мұраты сахналық тілмен бейнеленген.

Деректі драма жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім, адалдық, намысшылдық сияқты асыл қасиеттерді сіңіретін, шынайы батырлықтың бейнесін көрсететін көркем туынды. Бұл қойылым – ұлт тарихын танудың және ұлы тұлғалардан тағылым алудың жарқын үлгісі.

Іс-шараға батырдың отбасы мүшелері және туындының режиссері мен авторы қатысады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button