Қоғам

Астанада шахматтан отбасылық турнир өтіп жатыр

Астанадағы №89 мектеп-лицейде шахматтан отбасылық турнир өтіп жатыр, деп хабарлады astana-akshamy.kz

Оған 30-дан астам ата-ана мен олардың балалары қатысты. Зияткерлік жарысқа қатысушылар өздерінің логикалық ойлау қабілеті мен тактикалық шеберлігін сынады.

Турнирдің мақсаты – балалардың шахматқа деген қызығушылығын одан сайын арттыру, стратегиялық ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту, сондай-ақ отбасылық байланысты нығайту.

«Бұл сайысқа қатысуға ниет білдіргендер қарасы көп. Бүгін жұмыс күніне қарамастан ата-аналар уақыт тауып, келіп жатыр. Бұл – өте қуантарлық жайт. Шахмат тек ойын ғана емес, ол ақыл-ойды дамытатын ерекше спорт түрі. Ол зейінділікті арттырады, есте сақтау қабілетін жақсартады, ерік-жігерді шыңдайды. Сондай-ақ шахмат ойнауды білетін адам тілді тез меңгереді әрі математикалық күрделі есептерді тез шешеді. Бұл сайыс оқушыларға жаңа белестерді бағындыруға шабыт береді деп сенемін», – деді Астана қаласы Д. Бабатайұлы атындағы №89 мектеп директоры Бейімбет Мұхамедиев.

Ал турнир соңында жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен кубоктар табыс етілді.

«Мен бала кезімнен шахмат ойнаймын. Кейін балаларыма үйреттім. Балаларым да шахматтан турнирге қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Мұндай сайыстар жас ұрпақтың ой-өрісін дамытуға, жеңіске деген ұмтылысын арттыруға және жаңа достық қарым-қатынастар орнатуға ықпал етеді. Алдағы уақытта осындай жарыстар жиі ұйымдастырылып тұрады деген сенімдемін», – деді қатысушылардың анасы Гүлжан Жүзбаева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сайыстар жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button