Қоғам

Тректегі велоспорттан халықаралық турнир өтеді

Астана қаласында 16-18 мамыр аралығында тректегі велоспорттан ірі халықаралық «Silk Way Series Astana-2025» турнирі өтеді, деп  хабарлайды astana-akshamy.kz

Жарыстар «Сарыарқа» велотрегі базасында ұйымдастырылады.

Турнирге он елден спортшылар қатысады. Жүлделер Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Армения, Грекия, Ресей, Латвия және Литва құрамалары арасында сарапқа салынады.

Айта кетсек, биыл ақпан айында тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасының спортшысы Кирилл Курдиди Малайзияда өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.
Спортшы гит сайысында қола медаль жеңіп алды. Ол 1000 метр қашықтықты 1 минут 0,666 секундта жүріп өтті. Жарыста жапондық Рюто Итида жеңіске жетсе, күміс жүлдені қытайлық Ци Лю иеленді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button