Электроскутерлерді қолдауға арналған промоакция өтті

Елордадағы Ғашықтар саябағында электрлі скутерлерді көліктің экологиялық тазалығы және ыңғайлы түрі ретінде насихаттауға арналған промоакция өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Іс-шараны Нұра ауданы әкімдігінің қолдауымен қоғамдық ұйымдар мен кикшеринг компаниялары ұйымдастырды.
Акцияның басты мақсаты электр скутермен қауіпсіз жүру мәдениетін арттыру, пайдалану ережелеріне үйрету және жол қозғалысы ережелерін еске салу болды.
Акцияға қатысушылар қауіпсіз жүргізуді үйретті, сондай-ақ кикшеринг операторларынан практикалық кеңестер, ЖҚЕ бойынша кеңестер алды. Сондай-ақ, фотоаймақтар мен интерактивті байланыс ұйымдастырылды.
Қатысушылар арасында Нұра ауданы әкімдігінің, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің, Астана полиция департаментінің, JET, Whoosh, Яндекс Go компанияларының, Q88 аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастықтарының, «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтары болды.
«Біз Астанада электр скутерлерге арналған мамандандырылған тұрақтарды алғаш рет енгіздік. Бұл – біздің жайлы қалалық ортаны қалыптастырудағы пилоттық қадамымыз. Нақты белгілердің арқасында біз хаотикалық автотұрақты азайта алдық, ал полициямен және iKomek-пен бірлескен жұмыс өтініштерге жедел жауап беруге мүмкіндік берді. Біз тек инновацияларды енгізіп қана қоймай, пайдаланушыларды, қызметкерлерді, жастарды оқытуға тырысамыз. Болашақта жобаны кеңейтуді және жаңа оқыту бастамаларын жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова.