Қоғам

Елордада тұтынушылардың құқығы қалай қорғалады

2025 жылдың басынан бастап алғашқы үш айда елордалық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне азаматтардан 1500-ден астам өтініш келіп түсті. Елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте департамент басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Ілиясов осы уақыт ішінде мемлекеттік орган қандай жұмыс атқарғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

2025 жылдың бірінші тоқсанында департаментке елордалық тұтынушылардан 1500-ден астам өтініш келіп түсті, оның 1200-і – E-otinish порталы арқылы.

«Тұтынушылардың құқығын бұзғаны үшін шағымдарды қарау нәтижелері бойынша бұрын 27 кәсіпкер «ескерту» түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді спикер.

2025 жылғы 15 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне кейбір өзгерістер енгізілді. Сонымен, «ескерту» түріндегі жаза жойылды, алғаш рет бұзылған жағдайда да бірден айыппұл салынады.

Айыппұл мөлшері жеке тұлғалар үшін – 10 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 20 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 30 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 50 АЕК құрайды.

«Делдалдық схемаларды анықтауды және сауда үстемесінің 15%-дан асып кетуін қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын реттеу туралы заңнаманың сақталуына бақылау жүргізіледі. ҚР ӘҚБтК-ге өзгерістер енгізген өкілеттіктер аясында 2025 жылдың 1 тоқсанында 41 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 1 397 мың теңге сомасына 23 айыппұл салынды, 10 кәсіпкерге қатысты материалдар қарау сатысында тұр», – деп хабарлады Ғалымжан Ілиясов.

Оның айтуынша, жүргізіліп жатқан жұмыс заңнаманы бұзудың алдын алуға, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға және тұтынушылардың құқығын қорғауға ықпал етеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button