Бір күнде – 1 млн жолаушы

Астанада қоғамдық көліктегі жолаушылар легі рекордты деңгейге жетті. Бұл көрсеткіш 1 млн сапарды құрап отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz CTS баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала халқының қазіргі саны 1 544 142 адам болатын елорданың қоғамдық көлігіндегі тәуліктік жолаушылар легі 1 005 329 сапарды құрады.
2024-2025 жылдары көзделген келесі шаралардың жүзеге асырылуы қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыруға және жолаушылар легінің айтарлықтай өсуіне мүмкіндік берді:
700-ден астам жаңа автобус жеткізілді;
қоғамдық көліктің орташа қозғалыс жылдамдығы 16 км/сағ-тан 18 км/сағ-қа дейін артты;
Автобустарды күту аралығы 16 минуттан 13 минутқа дейін қысқарды;
Bus lane (автобус жолағы) 130 шақырымға дейін ұлғайды/ұзарды;
5 экспресс, 5 тұрақты және 1 айналма маршрут іске қосылды.
Күн сайын қала көшелеріне 105 маршрут бойынша 1210 автобус шығады.
Айта кетейік, Астанада 14 автобустың бағыты уақытша өзгереді.