Әлеумет

Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің өкілдерімен кездесу өтті

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінде Кеңес Төрағасы Д. Малахов Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі басшысының міндетін атқарушы Ю. Фенопетовпен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Кездесудің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ЕҚЫҰ жобасы аясында алдағы бірлескен іс-шараларды талқылау.

Кездесу барысында сот жүйесіне кадр даярлау мәселелеріне, соның ішінде болашақ судьяларға арналған қарқынды құқықтық оқыту курстарын ұйымдастыру және өткізуге ерекше назар аударылды.

Өз сөзінде Кеңес Төрағасы Д. Малахов Кеңестің ашықтық қағидаттарына бейілділігін, судьяларды іріктеу және оқыту рәсімдерін жетілдіру бағытындағы ұстанымын, сондай-ақ кадр саясатының сот төрелігі жүйесінің тиімділігін арттырудағы маңызды рөлін атап өтті.

Ю. Фенопетов Жоғары Сот Кеңесімен бұрыннан қалыптасқан жемісті ынтымақтастықты атап өтіп, жобаны іске асыруға тартылған команда мүшелерін таныстырды.

Кездесуге Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері Е. Бегалиев пен А. Айтуарова, Кеңес Аппараты басшысының орынбасары Л. Кұрмантаева, Аппараттың сот білімін дамыту және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөлімі меңгерушісі А. Қайжақпарова, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының академиялық бағдарламалар мен жобалар орталығының директоры М. Әбілова, сондай-ақ ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисінің ұлттық құқықтық үйлестірушісі Е. Оралова мен жобаның әкімшісі А. Тажанов қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен нығайтуға өзара мүдделіліктерін растады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button