Ел тынысы
Қазақстанда жаңа энергия қуаты іске қосылады

Қазақстанда жаңа энергия қуаттары іске қосылады, бұл туралы
ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтып, энергетика саласын дамыту мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Оның айтуынша, биыл Топар электр станциясында қуаты 130 МВТ турбина іске қосылады. Сондай-ақ 450 МВт астам жаңа жаңартылған энергия көздері қолданысқа енгізіледі.
«Негізгі жаңа энергия қуаттылықтарын 2026 жылы іске қосу жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2 жылдың ішінде жаңа 3000 МВт жуық жаңа энергия қуатын қолданысқа енгізуіміз керек. Соның ішіндегі ең ірілері – Алматы қаласының екі ЖЭО, Түркістан қаласындағы ірі жоба, Қызылорда қаласындағы жаңа бу-газ қондырғысы», – деді спикер.