Ел тынысы

Француздық саяхатшылар Бозжыраның сұлулығына тәнті болды

Бір топ француз саяхатшылары күні кеше өткен «Бозжыра» визит-орталығының алғашқы іргетасын қалау рәсіміне куә болды. Маңғыстау меймандары өңірдің көрікті табиғатын тамашалауға келетін туристерге қолайлы жағдай жасалып жатқанына қуанышты екендіктерін жеткізіп, бастамаға сәттілік тіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Туристердің арасындағы француз велосаяхатшысы, кинорежиссер Седрик Тассан бұған дейін Орталық Азия елдерінде – Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанда бірнеше мәрте болғанын атап өтті. Оның айтуынша, үш жыл бұрын ол Маңғыстау даласын жалғыз өзі велосипедпен жүріп өткен. Сол сапардан алған ерекше әсерін өз отандастарымен бөлісу үшін, бір топ жерлесін Маңғыстауға бастап келгенін айтты.

Өңірге алғаш рет келген саяхаттаушылар Бозжыра шатқалының таңғажайып табиғатына, оның қайталанбас тұмса келбетіне ерекше таңданысын жеткізді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button