Мәдениет

Жеңіс әндері шырқалды

Бас қаладағы Бейбітшілік және келісім сарайында Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығына арналған концерт өтті. Іс-шараға тыл еңбеккерлері, Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың ардагерлері мен әскери қызметшілері, сондай-ақ Премьер-министр Олжас Бектенов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты.

Белгілі қазақстандық мәдениет қайраткерлері, жетекші әртістер, оркестрлік хор және би ұжымдары әскери қызметшілерге, Қарулы күштердің ардагерлеріне, әскери колледж бен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілеріне арнап патриоттық композициялар мен соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Эстрадалық-симфониялық оркестр мен фольклорлық-этногра­фиялық ан­сам­бльдің орындауында Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйі орындалды. Сонымен бірге Жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, азап-қиыншылық, босқан елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды «Елім-ай» әні айтылды. Ал «Соғыс хаттары» мизансценасында Әлия есімді бойжеткен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға үндеу жолдау арқылы тақырыптың идеялық мазмұнын бейнелі түрде көрсете білді. Концертті К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің домбырашылары мен солистері «Жеңіс күні» және «Атамекен» әнде­рімен қорытындылады.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button