Бүгін Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театр сахнасында драматургиялық «Тәуелді» қойылымы көрсетілді. Көрермендер қатарында прокуратура органдарының қызметкерлері де болды, депхабарлайды astana-akshamy.kz

Спектакль тәуелділіктің — лудомания, ойынқұмарлық және есірткіге тәуелділіктің өзекті әлеуметтік-психологиялық мәселесін көтереді. Бір терапиялық кеңістікте тоғысқан кейіпкерлердің тағдырлары арқылы қойылым көрерменді тәуелділіктің салдары мен өз таңдауы үшін жауапкершілік туралы ойлануға жетелейді.

Қойылым «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында өтті. Себебі құқық бұзушылықтың алдын алу тек заң талаптарын сақтаумен шектелмейді, ол адамның өзіне және айналасына саналы әрі жауапты көзқарасын қалыптастырудан басталады.