Ел тынысы
«Жастар» сарайында Мемлекеттік Әнұран шырқалды
Астанада 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Жастар» сарайының алаңында Әнұран шырқалды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шараға «Жастар» сарайының концерттік ұжымдары, балалар шығармашылық ұжымдарының тәрбиеленушілері, би театрының қатысушылары және мекеме қызметкерлері қатысты.
Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетуге бағытталған іс-шараға концерттік және шығармашылық ұжымдардың 100-ге жуық өкілі қатысты.



