Қоғам

«Шаттық-2025» байқауының қорытынды гала-концерті өтеді

Астанада 29 сәуір күні Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» залында «Шабытты самғау» ұранымен балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Шаттық-2025» шығармашылық қалалық байқауының қорытынды гала-концерті өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Шаттық-2025» гала-концертінің бағдарламасы – бұл бір жылға созылатын шығармашылық жобаның соңғы аккорды, бас спикерлер – елорда балалары жоғары көркемдік деңгейін, талант күші мен шеберлігін көрсететін бірегей алаң.

Бұл балалар мега-шарасына 7 жастан 18 жасқа дейінгі 9 900-ден астам дарынды балалар мен жасөсіпірімдер қатысты. Қазақконцерттің басты сахнасында өзінің өнерге деген сүйіспеншілігін ең талантты қатысушылар-жеңімпаздар мен лауреаттар ұсынады, олардың жұмыстары мен қойылымдары шабыттың, өзіндік ерекшеліктің және рухани шынайылықтың шынайы көрінісі болды.

Гала-концерттің басты ерекшілігі мен негізгі идеясы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасында қалыптасқан негізгі құндылықтарды – патриотизм, ұлттық дәстүрлерге жауапкершілікпен қарау және құрмет көрсету, рухани бірлік құндылықтарын бейнелейтін идеологиялық және тәрбиелік құрамдас бөлігі болып саналады.

Іс-шара 29 сәуір күні сағат 17:00-де басталады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button