Құрылыс барысымен танысты

0 9

Елорда әкімі Алтай Көлгінов мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге бірқатар нөсер кәрізінің құрылыс барысымен танысты.

Қалада бірнеше проблемалық учаске бар. Қазіргі күнде 3 ірі кәріз желісі мен тазарту қондыр­ғысы салынуда. Оның біріншісі Б.Момышұлы даңғылындағы проблемалық учаскесінде орналасқан нөсер кәрізінің магистралды коллекторының құрылысын аяқтаймыз. Бұл нөсер су кәрізінің ұзындығы – 500 метр, Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейін жалғасады (Б.Момышұлы даңғылынан өтеді). Жаңа құрылыс қазіргі нөсер су кәрізі желілерінің су өткізу мүмкіндігін бір жарым есе арттырады.
Екінші кәріз жүйесі – «Молодёжный» шағын ауданында (Тәшенев пен Амман көшелерінің қиылысы) тазарту қондырғыларын салып жатырмыз. Ол жердегі коллекторларды да толық қалпына келтіреміз. Бұрын бұл жер батпақты болған.
Бұл қондырғылардың айырмашылығына келсек, олар жаңбыр және қар суын Есіл өзеніне жібермес бұрын тазартуға мүмкіндік береді. Бұрын су ағыны тікелей өзенге ағатындықтан, өзенді ластап, қала экология­сына зиян тигізетін. Бұл құрылысты 2021 жылы аяқтауды жоспарлап отыр. Бірақ бірінші кезең – су тазартуды биыл күзде іске қосылады.
«Молодежный» шағын ауданындағы жаңа қондырғылардың қуаты тәулігіне 42 мың текше метр. Бұл тазарту қондырғылары Тәшенев, Бараев, Уәлиханов, Иманбаева көшелері мен Республика даңғылының су басуына жол бермейді. Себебі тазарту қондырғысы жер астында салынып, оның үстінен абаттандырылған, көгалдандырылған сквер салынады.
Үшінші. Биыл соңына дейін Тельман тұрғын алабында тазарту қондырғылары мен магистралды коллектор құрылысы бойынша жұмыс аяқталады. Оның қуаты тәулігіне 36 мың текше метрді құрайды. Жобаны жүзеге асыру жер бетіндегі суағарлардың бұрылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол Тельман тұрғын алабы мен №27 көшесінің бойын қамтиды.
Биыл Пригородный тұрғын алабы мен Алаш тас жолы бойындағы логис­тика орталығы ауданында тазарту қондырғылары салынды.
Сонымен қатар әкім үлескерлері өте көп проблемалы құрылыс нысандарының бірі – «Шығыс» тобының тұрғын үй кешенін аралап, құрылыс қарқынын күшейтуді, жұмысшылар санын көбейтуді тапсырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + twenty =