«Отбасыммен бірге кітап оқимын» жобасы түйінделді
Астана қаласындағы №104 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және «Балалар кітапханасы» жобасы негізінде ұйымдастырылған «Отбасыммен бірге кітап оқимын» тақырыбындағы жыл қорытындылау іс-шарасы жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, отбасы мүшелерінің бірге кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ рухани құндылықтарды насихаттау болды. Жыл бойы жүргізілген жұмыстар қорытындыланып, кітап оқуды серік еткен белсенді оқушылар мен ата-аналарға құрмет көрсетілді.

Кеш аясында мектеп кітапханасында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға түрлі жанрдағы әдеби шығармалар таныстырылды. Көрмеге қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы туындылары қойылып, қатысушылар тарапынан ерекше қызығушылыққа ие болды.
Одан кейін мерекелік жиын мектептің акт залында жалғасып, жыл бойы жобаға белсенді қатысқан оқушылар мен ата-аналар марапатталды. Сонымен қатар кітаптың адам өміріндегі маңызы, отбасы тәрбиесіндегі рөлі туралы тағылымды ойлар айтылып, оқушылар өздерінің оқыған шығармаларынан алған әсерлерімен бөлісті.

«Бұл іс-шара оқушылардың рухани дамуына серпін беріп қана қоймай, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті деп ойлаймын. Кітап оқуды насихаттауға бағытталған мұндай жобалардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор екені тағы бір мәрте дәлелденді меніңше» , дейді қала тұрғыны Әли Ысқақ.
Олжас Жолдыбай



