30 тамыз күні Астана қаласындағы Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Zhas Alem» балалар мен жастар шығармашылығының алғашқы фестивалі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бұл туралы «Ерекше мерекелер» қоғамдық қорының директоры Ботагөз Игенбаева Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Фестивальді «Көктем» би ансамблімен бірлесіп «Ерекше мерекелер» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Іс-шара балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін, патриотизм мен өнерге деген сүйіспеншілігін дамыту, сондай-ақ фестивальді жыл сайын халықаралық деңгейде ұйымдастыру мақсатында өткізіледі.
Фестиваль музыкалық эстетикалық өнер саласында білім алушыларға қолайлы жағдай жасау және спортпен шұғылдануды насихаттау мақсатында өткізіледі.
Іс-шараға кіру тегін.
Айта кетейік, фестиваль Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.
Өтетін орны: Кенесары көшесі, 32, «Астана» концерт залы. Уақыты: сағат 11:00-де.