Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында орталыққа келушілерге құқықтық және медициналық көмек көрсету мақсатында Ашық есік күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға түрлі сала мамандары қатысты:
* жеке сот орындаушысы Гүлжан Байғұжиновна;
* заң кеңесшісі Рахимжан Гиззатович;
* нотариус Айнагүл Жәкина;
* адвокат Айнар Махметова;
* салауатты өмір салты бойынша дәрігер Евгений Гурский;
* орталықтың медициналық кеңесшісі Шағуал Сүлейменова.

Жиын барысында мамандар қатысушыларға жеке кеңес беріп, олардың сұрақтарына жауап берді және құқықтық әрі медициналық мәселелер бойынша қажетті ұсынымдар ұсынды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – аға буын өкілдеріне білікті көмек алуға мүмкіндік жасау, өзекті өмірлік мәселелерін шешуге қолдау көрсету және қажетті мамандардың кеңесіне қолжетімділікті қамтамасыз ету.