«Жасыл ел» жастарымен кездесті

«Жасыл ел» жастарымен кездесті
фото: Оңалхан Өнерхан

Елордада «Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты» тақырыбында Астана қаласы прокуратурасының бастамасымен және Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын насихаттау мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасағының жастарымен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жүздесу «Таза қала – жасыл болашақ» экология акциясы аясында ағаштарға су құю рәсімінен басталды. Бұдан кейін қатысушылар көрмені аралап, қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің маңызымен танысты. Сонымен қатар прокуратура өкілдері мен экология саласының мамандары жастармен еркін пікір алмасып, құқықтық сауаттылық, азаматтық жауапкершілік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөнінде ақпарат берді.

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі Ерлан Айдаровтың айтуынша, биыл елордада «Жасыл ел» жобасы ая­сында 200 жас жұмыспен қамтылған. Оларға ең төменгі жалақы мөлшеріне теңестірілген 85 мың теңге көлемінде еңбекақы төленеді және барлығы арнайы жұмыс киімімен қамтамасыз етілген.

Кездесу барысында Астана қаласының экоамбассадоры, экотренер және экологиялық кеңесші Мариям Ималиденқызы тұрмыс қалдықтарын дұрыс сұрыптау мен қайта өңдеудің маңызына тоқталды. Оның айтуынша, қоршаған ортаны қорғау әр адамның күнделікті өмір салтынан басталады. Ал елорданың Алматы ауданы прокурорының міндетін атқарушы Жолдас Асқаров «Жасыл ел» жастарының еңбегі қоғам үшін маңызды екенін атап өтті.