Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға арналды

Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға арналды
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласы Есіл ауданы прокуратурасы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында №24 орта мектептің оқушыларына құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбы бойынша дәріс өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру мен құқық бұзушылықтардың, атап айтқанда, есірткі қылмыстың, интернет-алаяқтықтың, дропперліктің болдырмауы және сталкинг, өзге құқыққа қарсы әрекеттермен байланысты сұрақтарды талқылау - аталған іс-шараның мақсаты. Сонымен қатар, дәріс барысында студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, оларға қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес жауап алды. Жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылық пен тәрбиені қалыптастыру аудан прокуратурасының бақылауында.