Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында жасанды интеллект тақырыбында танымдық дәріс өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шараны Ауыл партиясының қызметкері Мирас Нұрболатұлы Нұра ауданы Ардагерлер кеңесімен бірлесіп өткізді.

Дәріс барысында қатысушылар жасанды интеллекттің қазіргі қоғамдағы рөлі, оның күнделікті өмірде қолданылуы, ақпарат іздеу, мәтін дайындау және цифрлық сервистерді пайдалану мүмкіндіктері туралы мағлұмат алды. Сондай-ақ, жасанды интеллект технологияларын қауіпсіз пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу, соңында, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, заманауи технологиялардың даму мүмкіндіктерін талқылады. Мұндай іс-шаралар аға буын өкілдерінің цифрлық сауаттылығын арттыруға және жаңа технологияларды меңгеруіне ықпал етеді.