Жарқын болашақ үшін дауыс берді

Жарқын болашақ үшін дауыс берді
фото: Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Астанадағы М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясында орналасқан №307 сайлау учаскесінде 3 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Осы учаскенің сайлау комиссиясының төрағасы Ақмөлдір Сағынбайқызының айтуынша, бүгінгі мәслихаттар сайлауы кезінде қолайсыз ауа райына қарамастан сайлаушылардың белсенділігі жақсы.

"Бүгін таңғы 06.00-де жұмысқа кірістік. Сағат 07.00-де сайлау учаскесін аштық. Мәслихаттар сайлауын еліміздің болашағы үшін маңызды науқан деп білемін. Ел сайлаған мәслихат депутаттары ел игілігіңе қызмет етеді деп ойлаймын. Халық та соларға сенгендіктен дауыс беруге келіп жатыр. Алғашқы болып дауыс бергендерге сыйлықтар берілді. Кішкентай балаларымен келген ата-аналар мен жасы жетпістен асқан қарияларға да сыйлықтар үлестірілуде" дейді Ақмөлдір Сағынбайқызы.

Сондай белсенділік танытып, дауыс беріп сыйлық алған қарттардың бірі - Жазыкен Томпиев ақсақал. 

"Астанамыз көркейе берсін! Халқымыз аман-сау, аспанымыз ашық, тыныштық болсын! Болашағымыз жарқын болсын! Сол үшін келіп дауыс бердік" дейді Жазыкен ақсақал.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ