29 қараша күні мәслихат депутаттарын сайлау күні Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде, қалалық, экспресс және қала маңына қатынайтын автобустарда жол жүру тегін болады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікті ақысыз пайдалана алады. Бұл шара азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау және сайлау учаскелеріне жылдам жетуіне мүмкіндік беру үшін қабылданды.
Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес, сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін әдеттегі режимде жұмыс істейді.
30 қарашадан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қатынайды. Жолаушылар жол жүру уақытын жоспарлау кезінде осы жайтты ескерген жөн.