Астанада оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Заң мен тәртіп - қоғам айнасы» тақырыбында видеороликтер байқауы өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Байқауға қаланың 21 мектебінен 5–11 сынып оқушылары жеке және топтық форматта қатысты. Қатысушылар құқықтық тәрбие, қауіпсіздік және заң талаптарын сақтау мәселелерін қамтитын қысқа бейнероликтер ұсынды.
Жұмыстар 2026 жылдың 5 мамырына дейін қабылданып, қорытындысы 12 мамыр күні шығарылды.
Байқау оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, заң талаптарын құрметтеуге, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және өзекті әлеуметтік мәселелерге деген жауапкершілігін дамытуға ықпал етті. Қатысушылар өз жұмыстарында шығармашылық көзқарас танытып, құқықтық тәрбие бағытындағы маңызды тақырыптарды жан-жақты ашып көрсетті.