Елордалық Полиция департаментінде қызметтік міндеттерін атқару барысында ерекшеленген және спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Полицейлерге ерлігі, кәсібилігі, жанқиярлығы және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін ведомстволық наградалар табыстадым. Бірқатар қызметкер батылдығы мен табандылығы үшін марапатталды.
Сондай-ақ республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда елордалық полицияның намысын абыроймен қорғап жүрген әріптестеріміздің спорттық жетістіктерін ерекше атап өттім. Олардың қатарында Түркияда өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогындағы жүлделі орындар, Қазақстан чемпионаттарындағы кикбоксинг пен практикалық атыс бойынша жеңістер, сондай-ақ ІІМ чемпионатындағы қоян-қолтық ұрыстан қол жеткізген нәтижелер бар.
Барлық марапат иелері мен жеңімпаздарды құттықтаймын! Әрбір жетістіктің артында күнделікті еңбек, тәртіп пен жоғары нәтижеге деген ұмтылыс жатыр. Қызметкерлеріміздің қызметте де, спорт алаңдарында да биік белестерден көрініп жүргені қуантады.