Заңды құрметтеу мәдениеті қалыптасқан қоғамда азаматтардың қауіпсіздігі нығаяды

Заңды құрметтеу мәдениеті қалыптасқан қоғамда азаматтардың қауіпсіздігі нығаяды
фото: Aqorda

Заң мен тәртіп қағидаты-қоғамдағы тұрақтылықты, азаматтардың қауіпсіздігін және қоғамдық келісімді қамтамасыз ететін маңызды негіздердің бірі. Конституция әр адамның құқықтары мен бостандықтарын бекітумен қатар, өзге азаматтардың құқықтарын құрметтеу және заң талаптарын сақтау міндеттерін де айқындайды.

Бұл қағидат тек құқық қорғау органдарының қызметімен шектелмейді, ол әр адамның күнделікті әрекетінен, қоғамдық ортадағы мәдениетінен және айналасындағы адамдарға деген құрметінен көрінеді.

Заңға бағыну жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындарда тәртіпті бұзбау, өзгенің мүлкіне құрметпен қарау және интернет кеңістігінде жауапкершілік таныту сияқты қарапайым әрекеттерден басталады. Әсіресе жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру маңызды. Заңды құрметтеу мәдениеті қалыптасқан қоғамда азаматтардың қауіпсіздігі нығайып, адамдар арасындағы сенім мен өзара жауапкершілік артады.