«Бозоқ» тарихи-мәдени музей-қорығында өткен жиында Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және насихаттау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Дөңгелек үстелге Қазақстан, Ресей, Италия және Түркия ғалымдары, музейдің ғылыми қызметкерлері мен білім беру саласының өкілдері қатысты.
Кездесуде Бозоқ қалашығының Еуразия тарихындағы орны мен Алтын Орда дәуірінен жеткен мұра сөз болды. Ғалымдар археологиялық және генетикалық зерттеулердің нәтижелерін талқылап, қазақ халқының рухани әрі зияткерлік мұрасына да тоқталды.
Қатысушылар ғылыми баяндама жасап, мәдени мұраны зерттеу мен сақтау жөнінде тәжірибе алмасты.
Кездесу халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен зерттеулерді дамытуға мүмкіндік берді.