Жаңаруды айқындайтын күн

Жаңаруды  айқындайтын күн

1 шілде – қазіргі отандық жаңа тарихтың соны парағы ашылған сәт. Қазақстан дамудың мүлдем жаңа, қарқынды кезеңіне аяқ басты. Бізді алда үлкен саяси-экономикалық өзгерістер мен ауқымды реформалар күтіп тұр. Бүгіннен бастап мемлекеттік жүйе де, азаматтық қоғам да түбегейлі жаңарып, заман талабына сай қайта ­құрылады.

Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзімен айтқанда: «Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаң­ғырту кезеңі басталғанын аңғартады». Бұл – жай ғана күнтізбедегі күн емес, бүкіл қоғамның толықтай жаңаруын айқындайтын үлкен бетбұрыс.

Жаңа Конституцияның күшіне енуі – тек құқықтық өзгеріс емес, қоғам мен мемлекет арасындағы жа­ңа қоғамдық келісімнің басталуы. Бұл құжат азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, билік пен халық арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтереді. Әсіресе ашықтық, әділдік және бұқараның қоғамдық-­саяси өмірге белсенді қатысуы елдегі тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға септігін тигізеді.

Ендігі жерде ел болып, Мемлекет басшысы жүргізіп отырған сындарлы сая­сат төңірегінде топтасып, әрқайсысымыз Қазақстан Республикасының жарқын болашағы жолында адал еңбек етейік.

Зулфухар ҒАЙЫПОВ,

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің

төрағасы, саяси ғылымдар докторы