Бұл — күнтізбедегі кезекті шара ғана емес. Ұстаз болып жүрген жылдарымда балаларға бір қарапайым қағиданы үйретуге тырыстым: айналаңдағы тәртіп өзіңнен басталады. Ана ретінде де балаларым тазалықтың сенбілік кезінде ғана емес, күнделікті өмір салтына айналған ортада өскенін қалаймын.
Ал депутат ретінде «Таза Қазақстанның» әлдеқашан сенбілік аясынан шығып, қоғамның ортақ мәдениетіне айналып келе жатқанын көріп отырмын.
Биылдың өзінде еліміз бойынша 600-ден астам экологиялық шара өтіп, оған 7,1 миллионнан астам адам қатысты. Бұл — жай ғана есеп үшін айтылатын сандар емес. Әр санның артында нақты іс, мыңдаған адамның еңбегі және маңызды өзгеріс бар. Тазалық біреудің міндеті емес, баршамызға ортақ жауапкершілік екенін түсіну қалыптасып келеді.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, «Таза Қазақстан» — бір реттік тазалық науқаны емес, жаңа мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастама.
Ал мәдениет күнделікті қарапайым әдеттерден басталады. Өз ауламыздан, өз көшемізден, өз қаламыздан басталады.
Екатерина Смолякова,
Құрылтай депутаты