Астанада және еліміздің бірқатар өңірлерінде кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгерді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz «Азаматтарға арналған үкімет» МК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қаласы бойынша кезекші ХҚКО және МХҚО мекенжайлары: Нұра ауданының бөлімі – Керей, Жәнібек хандар көшесі, 4; Есіл ауданының №1 бөлімі – Мәңгілік ел даңғылы, 30; Астана қаласының №1 МХҚО – Мұқанов көшесі, 2; Астана қаласының №2 МХҚО – М.Тынышбаев көшесі, «К» блогы. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ал кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері өтініштерді сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды, ал дайын құжаттар сағат 20:00-ге дейін беріледі.