Азаматтардың жеке ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Азаматтардың жеке ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
фото: Aqorda

Қазақстанның жаңа Конституциясында адамның жеке өміріне қол сұқпаушылық және дербес деректерін заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан әрі пайдаланудан қорғау кепілдіктері бекітілген. Бұл нормалар цифрлық технологиялар кеңінен қолданылатын кезеңде азаматтардың жеке ақпаратының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар цифрлық ортада адамның құқықтарын сақтау мемлекеттік органдар мен ақпаратпен жұмыс істейтін ұйымдардың жауапкершілігін арттыруды талап етеді. Конституциялық кепілдіктердің тиімділігі олардың күнделікті өмірде орындалуына байланысты. Сондықтан дербес деректерді қорғау мәдениетін қалыптастыру және цифрлық сауаттылықты арттыру маңызды.