Мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің құқықтық негізін қалыптастырады

Мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің құқықтық негізін қалыптастырады
фото: Aqorda

Конституцияның 28-бабының 2-тармағында Қазақстанда азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге жағдай жасалатыны көрсетілген. Заңда белгіленген санаттарға жататын және тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға баспана тиісті нормаларға сәйкес беріледі.

Мысалы, тұрғын үйге мұқтаж азамат белгілі бір әлеуметтік санатқа жатса, ол заңда белгіленген талаптар мен тәртіп бойынша тұрғын үй алуға өтініш бере алады. Бұл норма мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің құқықтық негізін қалыптастырады. Алайда ол әрбір азаматқа тұрғын үй автоматты түрде беріледі дегенді білдірмейді.