Халықаралық басылым Қазақстанның жоғары білім саласындағы тәжірибесін жоғары бағалады

Халықаралық басылым Қазақстанның жоғары білім саласындағы тәжірибесін жоғары бағалады

Stratheia Policy Journal халықаралық сараптамалық журналында Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі трансформацияға және оның халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтудағы рөліне арналған «Academic Statecraft: What Pakistan Can Learn from Kazakhstan» («Академиялық мемлекеттік стратегия: Пәкістан Қазақстан тәжірибесінен нені үйрене алады?») атты мақала жарияланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мақала авторы – жоғары білімді басқару, цифрлық трансформация, теңдік қағидаттары және білім беру реформалары мәселелеріне маманданған білім беру саясаты саласының зерттеушісі Saqib Raza. Басылымда Қазақстанның шетелдік университеттердің филиалдарын ашу, қос дипломды білім беру бағдарламаларын дамыту, Study in Kazakhstan платформасын ілгерілету арқылы өңірлік академиялық орталық ретінде өз позициясын нығайтып келе жатқаны, сондай-ақ жоғары білімді инновациялармен, еңбек нарығымен және халықаралық серіктестікпен ұштастырып отырғаны атап өтіледі.

Автордың пікірінше, Қазақстанның тәжірибесі жоғары білімді адами капиталды дамыту, білім экономикасын қалыптастыру және халықаралық деңгейде елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде пайдалануға ұмтылатын мемлекеттер үшін практикалық маңызға ие. Сондай-ақ мақалада білім беру саясатын іске асырудағы жүйелі тәсілдің және кәсіби көшбасшылықтың реформалардың табысты жүзеге асуындағы маңызды рөліне ерекше назар аударылған.

 «Academic Statecraft: What Pakistan Can Learn from Kazakhstan» мақаласын мына сілтеме арқылы оқи аласыз: https://stratheia.com/academic-statecraft-what-pakistan-can-learn-from-kazakhstan/