«Халық заңгері» және «Құқықтық дәріхана» акциялары өтеді

«Халық заңгері» және «Құқықтық дәріхана» акциялары өтеді
фото: Астана қаласының әкімдігі

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 11 қыркүйек күні «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында «Халық заңгері» және «Құқықтық дәріхана» акциялары өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Акциялар 11 қыркүйекте сағат 16:00-де басталады. Елорда тұрғындары білікті заңгерлерден тегін құқықтық көмек ала алады.

Сонымен қатар құқықтық мәселелерді жедел шешуге жәрдем көрсетіліп, құқық қолдану тәжірибесінде кездесетін, әрі қарай талдауды және заңнаманы жетілдіруді қажет ететін проблемалы тұстар анықталады.

Акция барысында мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ еліміздің жетекші заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды жеке қабылдап, құқықтық мәселелердің кең ауқымы бойынша кеңес береді. Іс-шараға келушілер үшін қызметтердің барлығы тегін көрсетіледі.