«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың (Есіл ауданы бойынша ХҚК) орталығында «Халық заңгері» акциясын өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Акцияның негізгі мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, білікті заң көмегін көрсету және азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Іс-шараға 15 мемлекеттік органның өкілдері қатысты. Акция барысында 30-дан астам азаматқа құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріліп, қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілді.
Акция азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуге жәрдемдесуге, құқықтық мәдениетін арттыруға және заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.