Астанада «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында елордалық жас отбасылар арасында ұйымдастырылған «Үздік жас отбасы–2026» қалалық байқауының финалдық кезеңі өтуде.

Байқауға «QUIZ» кезеңіне 100-ге жуық отбасы қатысып, интеллектуалды сайыста жоғары нәтиже көрсеткен 10 отбасы қатысып жатыр.

Финалдық кезеңде қатысушылар өз отбасыларын таныстырып, отбасының тарихы, құндылықтары мен жетістіктері, сондай-ақ отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы туралы баяндады.

Байқаудың басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, жас отбасылардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, сондай-ақ олардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін таныту.

«Жаңадан қабылданған заңымызда да отбасы институтын нығайтуға, оның қоғамдағы маңызын арттыруға ерекше мән беріліп отыр.Халқымызда «Отбасы – бақыт мекені» деген жақсы сөз бар. Шын мәнінде, бала үшін ең қауіпсіз әрі жайлы орта – ата-анасының мейірімі мен қамқорлығы сезілетін отбасы. Сол бақытты мекенде кішкентай бүлдіршіндеріміз бақытты болып өсіп, жақсы тәрбие алып, елінің ертеңіне қызмет ететін азамат болып қалыптасса екен дейміз», деді Республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары және Астана қалалық филиалының төрағасы Қазылар алқасының төрағасы Бекдайыр Күзембай.

Шапағат Әбдір