Конституцияның 33-бабына сәйкес, мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Барлық білім беру ұйымдарының қызметі осы стандарттарға сәйкес болуы керек.
Сонымен қатар Қазақстан аумағындағы білім беру және тәрбие жүйесі зайырлы сипатта болады, діни білім беру ұйымдары бұған кірмейді. Бұл талап білім беру сапасына ортақ құқықтық негіз қалыптастырады. Яғни мектептер мен басқа да білім беру ұйымдары оқу бағдарламалары мен білім беру үдерісін мемлекеттік стандарттарға сәйкес ұйымдастыруға міндетті.