Үздік өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі анықталды

Үздік өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі анықталды
https://www.gov.kz/uploads/2026/9/24/d5345fb38bea8eadd41e46a76e8362bfe0138889016204de45f5f6cb77e6fc23_1280x720.JPG

Елордалық гарнизонның өрт сөндіру бөлімшелерінің жүргізуші-қызметкерлері арасында «Жылдамдықпен маневр жасау бойынша 2026 жылдың үздік жүргізушісі» жарысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жарыстың басты мақсаты — жүргізуші құрамының кәсіби шеберлігін арттыру, өрт сөндіру техникасын басқарудың практикалық дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ жоғары жылдамдықта маневр жасау бойынша үздік мамандарды анықтау болды.

Жарыс барысында қатысушылар қызметтік тапсырмаларды орындауға барынша жақындатылған жағдайда өрт сөндіру автокөлігін басқару дағдыларын көрсетті. Жүргізушілерге уақытқа арнайы кедергілер жолағын еңсеру, жылдам маневр жасау элементтерін орындау, сондай-ақ жаттығуларды орындаудың белгіленген тәртібін сақтай отырып, сыртқы ыдыстан су сорып алу қажет болды.

Жарыс қорытындысы бойынша ең үздік уақытты № 17 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері, азаматтық қорғау аға сержанты Нағашыбай Нұрымжан Шайзадаұлы көрсетіп, «Жылдамдықпен маневр жасау бойынша 2026 жылдың үздік жүргізушісі» атағына ие болды.

«Конкурстық жаттығуларды үлгілі орындағаны үшін» номинациясы бойынша жоғары кәсіби дайындық деңгейі мен қойылған тапсырмаларды орындаудағы дәлдігін көрсеткен № 10 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері, азаматтық қорғау старшинасы Тлен Нур Барташұлы жеңімпаз атанды.

Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мұндай жарыстарды өткізу жүргізуші құрамының кәсіби дайындық деңгейін арттыруға, өрт-құтқару техникасын қауіпсіз әрі сенімді басқару дағдыларын жетілдіруге, қызметкерлер арасында тәжірибе алмасуға және ұжымдық рухты нығайтуға ықпал етеді. Жүргізушінің шеберлігіне, жол жағдайын жылдам бағалау және арнайы техниканы сауатты басқару қабілетіне бөлімшелердің төтенше жағдай орнына жедел жетуі мен қойылған тапсырмалардың табысты орындалуы тікелей байланысты.