«Ұлттық қолөнер мектебі» жобасының қорытындысы шықты

«Ұлттық қолөнер мектебі» жобасының қорытындысы шықты

«Ұлттық қолөнер мектебі» жобасының  нәтижелері анықталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

 Жоба дәстүрлі қолөнер мен ұлттық өнерді сақтауға және дамытуға бағытталған. Байқауға республиканың барлық аймағынан 271 шебер өтінім беріп, конкурстық комиссияның іріктеуі нәтижесінде үздік 10 қатысушы анықталды.

Алдағы уақытта жеңімпаз шеберлер «QazaqCreative» хабында қазақ халқының сирек кездесетін қолөнер түрлерін жаңғырту мақсатында өздерінің бірегей тәжірибесі мен практикалық дағдыларымен бөлісетін болады.

 Жобаға кімдер қатыса алады?

8-20 жас аралығындағы балалар мен жастар.

 Өтетін орны: Астана қ., «QazaqCreative» хабы, Жошы хан көшесі, 16/2.