Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік флешмоб өтті

Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік флешмоб өтті
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада «Green Line» аллеясында Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік флешмоб өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараны Нұра ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Алтын домбыра» ансамбілі мен Нұра ауданы Ардагерлер кеңесі бірлесіп ұйымдастырды.

Мерекелік жиын барысында ансамбль орындауында «Жастар күйі» күмбірлеп, көпшіліктің сүйікті «Еркем-ай» әні шырқалды. Домбыраның қоңыр үні жиналған жұртшылыққа ерекше әсер сыйлап, ұлттық өнеріміздің құдіретін тағы бір мәрте паш етті.

Флешмобқа қатысқан елорда тұрғындары мен қонақтары өнерпаздардың шеберлігіне ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Бұл тағылымды шара ұлттық мәдениетімізді дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және халқымыздың рухани мұрасын насихаттауға өз үлесін қосты.