Алматы қаласында педагогтердің кәсіби дамуын қолдауы мен білім сапасын арттыру мақсатында дәстүрлі «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы ұйымдастырылды. Оған Астана қаласының атынан қалалық кезеңнің жеңімпаз педагогтері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Олар білім берудегі менеджменттен бастап, гуманитарлық, жаратылыстану, эстетика және қосымша білім салаларына дейінгі бірнеше бағыт бойынша авторлық бағдарламаларын жоғары деңгейде қорғап шықты.
Конкурстың басты мақсаты – оқу пәндері мен элективті курстар бойынша ең үздік авторлық бағдарламаларды әзірлеген педагогтердің тәжірибесін кеңінен насихаттап, білім беру жүйесіне жаңашыл әдістерді енгізу.
Байқауға қатысқан мекемелер қатарында №6 гимназия, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі, №83 және №87 мектеп-гимназиялары, №90 гимназия, №92 мектеп-лицейі, №97 мектеп-гимназиясы, №101 жалпы білім беру мектебі, BINOM SCHOOL мектеп-лицейлері (Ахмет Байтұрсынов, Қаныш Сәтбаев, Ыбырай Алтынсарин, Қадыр Мырза Әлі), Экономикалық лицей, Tamos Space School, №5 «Ақбота» балабақшасы, №64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы және басқа да білім беру ұйымдарының үздік педагогтері болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
• І орын – 2 мекеме: №101 жалпы білім беру мектебі, №5 «Ақбота» балабақшасы
• ІІ орын – 5 мекеме: №6 гимназия, №90 гимназия, №97 мектеп-гимназиясы, Экономикалық лицей, №64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы
• ІІІ орын – 5 мекеме: №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі, Ахмет Байтұрсынов атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі, Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі, №83 және №87 мектеп-гимназиялар
• Алғыс хат – 3 мекеме: №6 гимназия, Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі, Tamos Space School