Көтерілген бастамалар әр азаматтың тұрмысынан көрініс табуы тиіс

Көтерілген бастамалар әр азаматтың тұрмысынан көрініс табуы тиіс
фото: жеке мұрағатынан

Бүгін Мемлекет басшысы өзінің кезекті халыққа Жолдауын жариялады. Еліміздің алдағы даму бағыттары айқындалған маңызды құжатта Президент  халықтың әл-ауқатын арттыру, жалақыны көтеру, жаңа әуежайлар салу және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін көтерді. Бұл бастамалар ел экономикасының дамуына және азаматтардың өмір сапасының жақсаруына ықпал етеді.

Соның ішінде өз салама қатысты мәселелерге тоқталсам, заң ғылымының өкілі әрі Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру мәселелерін маңызды деп санаймын. Бұл бағытта құқықтық мәдениетті көтеріп, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту қажет. Жалпы биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі - экономикалық өсімді халықтың нақты әл-ауқатын арттырумен ұштастыру болды. Ең бастысы, көтерілген бастамалар нақты іске асып, әрбір азаматтың тұрмысынан көрініс табуы тиіс.

Есберген Алауханов
Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері