Тұрғын үйлердің ортақ мүлкін жөндеу жұмыстары жүргізілді

Тұрғын үйлердің ортақ мүлкін жөндеу жұмыстары жүргізілді
Астана қаласының Алматы ауданында инженерлік желілердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ мүлкін жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
ПИК және МИБ қызмет көрсету ұйымдары келесі жұмыстар жүргізді:
- 42 үйде жылумен қамтамасыз ету жүйелерін жөндеу;
- 25 үйдің шатырын жөндеу;
- 53 үйдің су және кәріз желілерін жөндеу;
- 37 үйдің электрмен қамтамасыз ету желілерін жөндеу;
- 157 кіреберіс пен кіріспе топтарын жөндеу.
Аталған жұмыстардың арқасында тұрғындар үйлерінде жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады.