Астананың барлық ауданында осы сенбі, 3 қазан күні күзгі «Таза Қазақстан» экологиялық айлығы аясында жалпы қалалық экологиялық акциялар өтеді. Іс-шараларға қатысып, елорданы абаттандыруға өз үлесін қосуға кез келген ниет білдіруші қатыса алады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Айлық аясында тұрғындар, жастар, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ПИК пен МИБ өкілдері қаланы санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмысына қатысады.
Саябақтарда, гүлзарларда, тұрғын үйлердің аулаларында және ұйымдардың маңындағы аумақтарда қоқыс жиналып, шығарылады, жасыл желекке күтім жасалып, ағаштар отырғызылады. Қоғамдық кеңістіктер мен қала тұрғындары көп жиналатын орындарға ерекше көңіл бөлінеді.
Күзгі экологиялық айлық Астананың экологиялық жағдайын жақсартуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan